Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2024 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, бұл қызмет Баспана базарының жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал).

2024 жылы аудан тұрғындарына Баспана базарының жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал) арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 3.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

 

Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысы мен маманының қатысуымен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша 0 Тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2024 жылы аудандық "Ақкөл арнайы" газетінде және әлеуметтік желілерде 4 мақалалар жарияланды.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі 2024 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2024 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік мекеменің басшысы мен маманы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирге қатысады.

Дата публикации
24 февраля 2025
Дата обновления
24 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы