Меню

Страницы

Статья

Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты»  2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп

«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты»

 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласында

мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп

1.Жалпы ережелер

«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

  1. «Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге»;
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»;
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
  6. «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»
  7. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 7;

Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 7;

2023 жылы Новорыбин ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 10, 1 кезең - 4, 2 кезең - 3 қызмет оның ішінде:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»  - 7  оның ішінде: 1 кезең - 4,

2 кезең – 3 қызмет

«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату» - 0

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0

«Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» - 0

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 3

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Халықты ақпараттандыру мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтердің тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы ережелері көрнекі түрде ұсынылған.

Округ әкімінің аппаратында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 120 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілді, жауапты маман анықталды.

БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2023 жылда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын дәлілдеді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі

тиімділігінің перспективалары және сапасына

көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, әкім аппаратымен округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EgovKzBot2.0 Telegram-боты және EgovMobile  қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.

 

Новорыбин ауылдық

округінің әкімі                                                                                      Д. Шуленбеков

 

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы