2023 жылғы «Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
«Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 7.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-6.
2023 жылы Азат ауылында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –10 қызмет, оның ішінде:
«Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 11.
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ғимараттың холында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 226 мемлекеттік қызмет алынды. Ауыл әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.
Әкім аппараты бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Ауыл әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2023 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Ауыл әкімінің аппаратымен перспективаларды талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта, одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.