2022 жылғы «Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
"Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1." Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту ";
2."Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";
3."Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге";
4."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";
5."Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату";
6."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою";
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-6.
2022 жылы Урюпин ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 201 қызмет, оның ішінде:
"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 28.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 4.
"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"-4
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"- 165
Халықты ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы ережелері көрнекі түрде ұсынылған.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2022 жылы 186 азамат электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алды. Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.
Урюпин ауылдық округінің әкімі "Адал көмек" жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізді. Бұдан басқа, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2022 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Округ әкімінің аппаратымен перспективаларды талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта, одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.