«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты»
2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласында
мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп
1.Жалпы ережелер
«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданының Новорыбин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде:
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6;
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6;
2022 жылы Новорыбин ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 21, 1 кезең - 15, 2 кезең - 6 қызмет оның ішінде:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» -14 оның ішінде: 1 кезең - 9, 2 кезең – 5 қызмет.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 7 оның ішінде: 1 кезең - 6,
2 кезең – 1 қызмет
«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату» - 0
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 0
Халықты ақпараттандыру мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтердің тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы ережелері көрнекі түрде ұсынылған.
Округ әкімінің аппаратында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 365 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілді, жауапты маман анықталды.
БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2022 жылда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын дәлілдеді.
тиімділігінің перспективалары және сапасына
көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, әкім аппаратымен округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.