2022 жылғы «Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
"Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
2."Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";
3."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";
4."Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату";
5."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою";
6."Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6.
2022 жылы Қарасай ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 37 қызмет, оның ішінде:
"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 14.
"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" – 2.
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" - 21.
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ғимараттың холында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 63 мемлекеттік қызметтер алынды. Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2022 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратымен электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.