Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы «Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

2022 жылғы «Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер.

     "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

     «Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Ақкөл ауданы Еңбек ауылдықокругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:

1.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

2.« Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»;

5.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

6.«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6.

Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-6.

2022 жылы Еңбек ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 193  қызмет, оның ішінде:

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" – 18 қызмет;

" Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру " – 1 қызмет;

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" – 13 қызмет;

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" – 161 қызмет.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

 

Халықты ақпараттандыру мақсатында ғимаратта ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы ережелері көрнекі түрде ұсынылған.

     Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар - e.gov. 2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 154 қызмет алынды. Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілді, жауапты маман бекітілді.

     Бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

     Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауапкершілікті арттыру үшін мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарына қызметтерді ұсынудың уақтылығы мен сапасы үшін бақылау және жауапкершілік міндеттері енгізілді.

 

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

 

Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2021 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.

2022 жылғы 6 мамырда әкім аппараты бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша тексеру жүргізілді. Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде www.1414.kz. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге "Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мекенжайына шағымдар түспеді.

4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Округ әкімінің аппараты перспективаларды талдау және тәуекелдерді азайту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы eGovMobile қосымшасы арқылы, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы