"Ақкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
Жер қатынастары бөлімімен 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1. «Жерге орналастыру жобаларын бекіту жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі»;
2. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;
3. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру».
2022 жылы бөліммен 204 қызмет көрсетілді, оның ішінде: "жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" – 203 қызмет, «жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»- 1 қызмет, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы-4 қызмет
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметтерге шағымдар анықталған жоқ.
"Е-Лицензиялау" МДҚ базасында есептік деректерді тексеру барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуды насихаттау үшін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында және электрондық форматта мемлекеттік органның сайтында Facebook қосымшасында жарияланды.
Сондай-ақ 2022 жылы тікелей эфирлер өткізілді, бұл көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтердің әрбір түрін көрсету және алу процестері туралы таныстыруға мүмкіндік береді, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, онда көрсетілетін қызметті алушылар 10 мемлекеттік қызмет алынды.
Ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері екі тілде орналастырылған, бұл азаматтарға әрбір түрі бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен танысуға мүмкіндік береді.