2022 жылғы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекттік мекемесімен қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 22 түрі, олардың ішінде 4 қызмет альтернативтік негізінде – бөлім арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, электрондық түрде үкіметтік электрондық портал арқылы көрсетіледі.
2022 жыл бойынша аудан халқына 2317 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы 915 мемлекеттік қызмет, «электронды үкімет» порталы арқылы 650 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тікелей мемлекеттік мекемемен 752 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде көрсетілді. Ақылы негізде 6 мемлекеттік қызмет, 16 қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 75.
2022 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ең көп сұранысқа ие қызметтер үш мемлекеттік қызмет болып табылады: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 519 мемлекеттік қызмет, «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» - 461 мемлекеттік қызмет, «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 394 мемлекеттік қызмет.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша бөлім мамандарының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.
2022 жылы «Ақкөл өмірі» аудандық газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 44 ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стендтер бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.
Мемлекеттік мекемеде «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, 65-мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік мекеменің мамандары тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсететін тікелей эфирлерге қатысады.
2022 жылы қызмет бөлімнің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.
Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.
2022 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2023 жылы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясымен мемлекеттік қызметтер бойынша техникалық оқу өткізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіру жөніндегі бөлім мамандарының қатысуымен тікелей эфирлер өткізуді, бөлімнің әлеуметтік желілерінде және аудандық «Ақкөл арайы КZ» газетінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.