ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 12 сәуірде Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Наумов сайлау округі
Наумов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 652 азамат енгізілді, олардың 503-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 14.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Ауған Қ. – 32; Жұмажанова Г.М. - 49; Шәріпова З.К. - 408.
Наумов ауылдық округінің әкімі болып «Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1973 жылы туған Шәріпова Зәмзагүл Кәрімжанқызы сайланды. Ақкөл ауданы Наумов ауылында тұрады. "AMANAT" партиясы "қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалы ұсынған.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы