Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

Ақкөл  ауданы Наумов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу

нәтижелері туралы ақпарат

 

         2026 жылғы 22 наурызда сағат 18.00-де Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округіне әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

    Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

- Ауған Қарақат,  1993 жылы туған, «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»   ММ  ардагерлермен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс жүргізу және әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Жұмажанова Гүлсара Мұғазқызы,  1975 жылы туған, «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты»   ММ  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Шәріпова Зәмзагүл Кәрімжанқызы, 1973 жылы туған, Наумов  ауылдық округінің әкімі,  Ақкөл ауданы Наумовка ауылында тұрады, «AMANAT»  партиясынан  ұсынылған.

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 марта 2026