Наумов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

хабарламасы

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап,  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Наумов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2026 жылғы 17 наурыздағы  шешімдерінің негізінде, Наумов ауылдық округына келесілердің кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.

- Ауған Қарақат,  1993 жылы туған, «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»   ММ  ардагерлермен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс жүргізу және әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Жұмажанова Гүлсара Мұғазқызы,  1975 жылы туған, «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты»   ММ  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Шәріпова Зәмзагүл Кәрімжанқызы, 1973 жылы туған, Наумов  ауылдық округінің әкімі,  Ақкөл ауданы Наумовка ауылында тұрады, «AMANAT»  партиясынан  ұсынылған.

 

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
17 марта 2026