Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
2026 жылғы 17 наурызда сағат 18.00-де Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Наумов ауылдық округ бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды, 1 (33,3%) - «AMANAT» саяси партиясынан ұсынылды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 22 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.