Сайлау учаскелерінің шекаралары және олардың орналасқан жерлері туралы хабарлама

Наумов ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және олардың орналасқан жерлері туралы хабарлама

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы №11/49 «Ақкөл ауданы  Наумов  ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Наумов ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына,  Ақкөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Наумов ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекараларын хабарлаймыз.

 

№ 122 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көше 19, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, тел: 8 (71638) 3-23-72.

Шекаралар: Наумовка а.

 

№123  сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Кемеркөл ауылы, Мектеп көшесі 1, бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты, тел: 8 (71638) 2-40-20.

Шекаралар: Кемеркөл а.

 

№124 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Өрнек ауылы, Дәулетбай Ахметжанов атындағы көше 34, жалпы  білім беретін мектептің ғимараты, тел: 8 (71638) 2-48-95.

Шекаралар: Өрнек а.

 

 

Ақкөл ауданының әкімі                                                        Б. Әбдірахманов

 

Дата публикации
17 марта 2026