Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімін сайлауды
тағайындау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-1 баптың 1 тармақ 1 тармақшасына, 2 тармағына, 4 тармағына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы "Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Наумов ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы" №11/49 қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 12 сәуірге Наумов ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Наумов ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы