«Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
«Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді, бұл қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.
БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, 2025 жылы аудандық «Ақкөл арайы» газетінде және әлеуметтік желілерде 3 мақала жарияланды.
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері орналастырылған мемлекеттік қызметтер бойынша стенд бар.
мемлекеттік қызмет көрсету процестері.
2025 жылы бөлім қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін 1 қызметкер оқытылды.
Мемлекеттік мекеменің мамандары мынадай негізгі қағидаттар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.