«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызметі туралы есеп

«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

2025 жылғы қызметі туралы

есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Бөлім қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік функцияларды іске асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

          Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2,3 разрядты спортшы және 1-2-3 жасөспірімдік разрядты спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты және екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы - спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына және 2014 жылғы 03 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының заңына негізделген "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының заңын , Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

  • мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлер туралы ақпарат.

 

№

 Мекеме атауы

Қызметкерлердің саны

1

«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

      1

2025 жылы спорт бөлім 77 мемлекеттік  қызмет көрсетті.

 

2) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

  1. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
  2. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет»

 

3) Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Компьютер, принтер, сканер, картриждер.  Барлығы әр адамға қол жетімді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

4)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

5) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.

6) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

7) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақкөл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің қызметі туралы 2025 жылға арналған есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар aqkol_lang@aqmola.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

 

Дата публикации
23 февраля 2026