2025 жылғы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 2025 жылғы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекттік мекемесімен қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 15 түрі, олардың ішінде 1 қызмет   альтернативтік негізінде – бөлім арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, электрондық түрде үкіметтік электрондық портал арқылы көрсетіледі.

2025жыл бойынша аудан халқына  -1166 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы - 152 мемлекеттік қызмет, «электронды үкімет» порталы арқылы -426 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тікелей мемлекеттік мекемемен 588 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде көрсетілді. Дәлелді бас тарту саны 104.

2025жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ең көп сұранысқа ие қызметтер үш мемлекеттік қызмет болып табылады: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» -588 мемлекеттік қызмет, «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық – көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 191 мемлекеттік қызмет, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу»- 149 мемлекеттік қызмет. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша бөлім мамандарының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

2025 жылы «Ақкөл Арайы» аудандық газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 2 ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен 2025жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стендтер бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

 

Мемлекеттік мекемеде «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды,                   37-мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік мекеменің мамандары тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсететін тікелей эфирлерге қатысады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

2025жылы қызмет бөлімнің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да біркемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2025жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жасау және ақпараттық технологиялар бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы-Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақкөл аудандық бөлімімен бірлесіп, электрондық формата мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  

2026 жылы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясымен мемлекеттік қызметтер бойынша техникалық оқу өткізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіру жөніндегі бөлім мамандарының қатысуымен тікелей эфирлер өткізуді, аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша және бөлімнің әлеуметтік желілерін де жұмыс жүргізу жоспарлануда.

 

 

  

 

Дата публикации
18 февраля 2026