2025 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2025 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, бұл қызмет Баспана базарының жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал).

2025 жылы аудан тұрғындарына Баспана базарының жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал) арқылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 0.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

 

Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысы мен маманының қатысуымен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша 0 Тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2025 жылы аудандық "Ақкөл арнайы" газетінде және әлеуметтік желілерде 2 мақалалар жарияланды.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі 2025 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2025 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік мекеменің басшысы мен маманы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирге қатысады.

Дата публикации
09 февраля 2026