"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.02.2026 - 08.02.2026
Қабылдау 1 этап: 09.02.2026- 11.02.2026
Қабылдау 2 этап: 13.02.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.02.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
18.02.2026
Практикалық бағалау 1 кезең: 21.02.2026
Практикалық бағалау 2 кезең: 22.02.2026
Практикалық бағалау 3 кезең: 23.02.2026
Анықтама телефоны: 21736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Ақкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудан бойынша егілген тұқымның саны мен сапасы туралы қорытынды есеп жасау. Заңды және жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің, Мемлекеттік стандарттардың және тұқым шаруашылығы жөніндегі ҚР өзге де нормативтік құжаттарының сақталуын бақылау. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру. Субсидияланған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Субсидиялау құжаттарын дайындау, тұқым сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жұмысты жүзеге асыру. ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша есептер жасау. Ауданның астықпен және қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Ауданда астықтың болуы және қозғалысы бойынша астық нарығына қатысушылардан ақпарат жинау. Нормативтік актілердің, өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындау. Асыл тұқымды малдарды есепке алу жөніндегі (жылдық), мал шаруашылығы бойынша (айлық, тоқсандық, жылдық) мемлекеттік тіркелімнің жиынтық ведомостары бойынша есептерді тапсыру. Жалпы өнім шығарылымының нақты көлем индексін болжау үшін бір айда мал шаруашылығы өнімін өндіру туралы ақпарат жинау. Іс қағаздарын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: агрономия, биология, агроинженерия, ветеринария, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, биологиялық және сабақтас ғылымдар, мал шаруашылығы
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.