«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.02.2026 - 08.02.2026

Қабылдау 1 этап: 09.02.2026- 11.02.2026

Қабылдау 2 этап: 13.02.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.02.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға арналған тестілеу: 18.02.2026

Сұхбат: 23.02.2026

Анықтама телефоны: 21736

 

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Аудан әкімінің кеңесшісі (баспасөз хатшысы), E-3 (Лауазым мәртебесі:Бос)

Функционалдық міндеттері:

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен аудан әкімі мен әкімдігінің қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру. БАҚ-пен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыру, БАҚ өкілдеріне аудан әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру. Аудандық баспа басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің басшыларымен, атқарушы және өкілді билік органдарының, сондай-ақ облыстың және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. Сөз сөйлеулерді, құттықтау және өзге де жеделхаттарды, айтулы және өзге де күндер мен оқиғаларға алғыс хаттарды дайындау, аудан әкімінің сөз сөйлеу тезистерін редакциялау. Электрондық ақпараттық ресурсты ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде (аудан әкімінің сайты) жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету, ақпаратты уақтылы жинау және жаңарту. Әлеуметтік желілердегі өтініштерге жауап дайындау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
05 февраля 2026