«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға ішкі конкурс
Ақмола облысы «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ (020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 94, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (71638) 2-17-36, электрондық мекен-жайы: aqkol_sup@akmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолданғанда файлдардың максималды жіберлетін көлімі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т. б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс жариялайды.
«Ақкөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан әкімінің кеңесшісі, санаты «E-3», («В» блогы, 4 грейд) 1 бірлік.
Лауазымдық орташа еңбекақысы 327 923 теңге.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27-29.01.2026ж.
Сұхбат: 03.02.2026ж.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен аудан әкімі мен әкімдігінің қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру. БАҚ-пен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыру, БАҚ өкілдеріне аудан әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру. Аудандық баспа басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің басшыларымен, атқарушы және өкілді билік органдарының, сондай-ақ облыстың және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. Сөз сөйлеулерді, құттықтау және өзге де жеделхаттарды, айтулы және өзге де күндер мен оқиғаларға алғыс хаттарды дайындау, аудан әкімінің сөз сөйлеу тезистерін редакциялау. Электрондық ақпараттық ресурсты ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде (аудан әкімінің сайты) жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ету, ақпаратты уақтылы жинау және жаңарту. Әлеуметтік желілердегі өтініштерге жауап дайындау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні) ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсарады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі тиісті персоналды басқару қызметімен бекітілген.
Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақкөл ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы: _____________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________
___________ _____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_____________ 202__ ж.