2025 жылдың екінші жартыжылдығында
Ақкөл ауданында аудан, қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің халықпен кездесулер өткізуі туралы ақпарат
2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 28 қазан мен 7 қараша аралығында Ақкөл ауданында 36 кездесу өткізілді, оның ішінде:
Кездесулердің кестесі алдын ала «Ақкөл арайы» аудандық газетінде жарияланып, аудан, қала және ауылдық округтер әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде және WhatsApp мессенджеріндегі топтарда таратылды.
Кездесулерге жалпы саны 1048 адам қатысты. Кездесу барысында 65 азамат сөз сөйлеп, 38 ұсыныс айтылды. Барлық ұсыныстар әлеуметтік сипатта болды. Экономикалық немесе саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Кездесулер аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері қосымша қаралды.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру мәселелері болды – 14 ұсыныс (36,8%), жолдарды жөндеу және салу бойынша – 12 ұсыныс (31,6%), Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және салу бойынша - 3 ұсыныс (7,9%), абаттандыру, санитарлық тазалау және экология бойынша - 1 ұсыныс ұсыныс (2,6%), жер қатынастары – 1 ұсыныс (2,6%) және басқалары – 7 ұсыныс (18,4%).
Келіп түскен барлық 38 ұсыныс қаралды, оның 2-і есептік кездесулер барысында Ақкөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Аталған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын Ақкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отыратын болады.
Ауданда кездесулер ұйымдасқан түрде өтті, облыс, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына сын-ескертпелер айтылмады
Ақкөл ауданы әкімінің аппараты