«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.11.2025 – 13.11.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.11.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 26.11.2025

Эссе: 29.11.2025

Сұхбат: 04.12.2025

Анықтама телефоны: 87163821736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441254

Блок - А

 

          (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкім аппаратының басшысы, санаты «E-2» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

Аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру, ақпараттандыру және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс әкімі мен аудан әкімдері актілерінің орындалуын тексеру және тапсырмаларын бақылау. Аудан әкімінің қала, ауыл, ауылдық округтері әкімдерімен және жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимылда болуын қамтамасыз ету. Ауданның қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіру. Барлық атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіруді бақылау, шешім қабылдауға терең дайындық жүргізу мақсатында олардан уақытында ақпарат алу. Аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметінде Заңдарды, Жарлықтарды, қаулылар мен шешімдерді, өкімдерді орындауға, сондай-ақ азаматтардың арыз-шағымдарын қарауға байланысты қажетті ақпарат талап ету, туындаған мәселелерді қарауға және оның шешімін табуға қатысу. Аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау, әкімнің қарауына әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайындау және босату туралы, аппараттың жауапты қызметкерлерін тағайындауға ұсыныс енгізу. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау. Аудан әкімі аппаратында жұмыс уақыты мен еңбек тәртібінің сақталуын бақылау және қамтамасыз ету Марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру. Аудан әкімінің келісімі бойынша белгіленген лимит шегінде құрылым мен штаттық кестеге және оны ұстауға өзгерту енгізу. Президенттік, Парламенттік сайлаулар мен референдумдардың, және жергілікті өкілді органдар сайлауларын дайындау, оны өткізуге қатысу, олардың ұйымдық шараларын қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Қала, ауылдық округтері мен ауыл әкімдерінің сайлауын дайындау, оны өткізуге қатысу және бақылау, сайлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметін және аппаратты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бақылау.

 

Білімі бойынша талап:

 

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика статистикасы салалары

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

   

Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 ноября 2025