«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2025 – 12.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2025.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.11.2025.
Сұхбат: 02.12.2025.
Анықтама телефоны: 87163821736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
Блок - А
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Ақкөл ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Аудан бойынша егілген тұқымның саны мен сапасы туралы қорытынды есеп жасау. Заңды және жеке тұлғалардың, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тұқым шаруашылығы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік стандарттарды және ҚР өзге де нормативтік құжаттарын сақтауын бақылау. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру. Субсидияланған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Субсидиялау құжаттарын дайындау, тұқым сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша есептер жасау. Ауданның астықпен және қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Ауданда астықтың болуы және қозғалысы бойынша астық нарығына қатысушылардан ақпарат жинау. Нормативтік актілердің, өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындау. Асыл тұқымды малдарды есепке алу жөніндегі мемлекеттік тіркелімнің (жылдық), мал шаруашылығы бойынша (айлық, тоқсандық, жылдық) жиынтық ведомостары бойынша есептерді тапсыру. Жалпы өнім шығарылымының нақты көлем индексін болжау үшін бір айда мал шаруашылығы өнімін өндіру туралы ақпарат жинау. Іс қағаздарын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия, топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, мелиорация, жерді қалпына келтіру және қорғау) немесе ветеринария (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.