«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2025 – 12.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2025.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
23.11.2025.
Сұхбат: 02.12.2025.
Анықтама телефоны: 21736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086теңге, «В» блогы
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы – бухгалтер, E-R-4 (уақытша, 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне), (№ 16-3)
Бюджеттік құралдардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, Қазына органдары арқылы жүргізілетін операцияларды есеп жүргізу, бюджеттік құралдардың мақсатты жұмсалуы мен шығындалу сметаларын орындау бойынша экономика және қаржы бөлімімен қарым – қатынасы. Құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуі және жасалатын операциялар заңдығына бақылауды жүзеге асыру. Құралдардың лимит пен олардың мақсатты тағайындалуға сәйкес шығындалуын, бюджетпен бекітілген шығын сметалары бойынша, сонымен қатар қаржы құралдары мен материалдық құндылықтар сақталуын бақылау. Депозит есептері бойынша операцияларды есепке алу. Дер кезінде жалақыны есептеу және төлеу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен уақытылы есеп айырысу. Бюджеттік орындалуы бойынша ай сайынғы, жылдық, сонымен қатар экономика және қаржы бөліміне басқа да есептерді ұсыну. Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер мен декларацияларды тапсыру. Шығын және есеп сметасын басшылықпен келісім жасау және құру. Жоспарланған мемлекеттік сатып алулар көлемі мен номенклатура жинағын нақтылау және құру. Бюджеттік құралдардың тиімді жұмсалуы бойынша мемлекеттік сатып алу және мониторингін өткізу. Нормативтік актілер, өкімдер, шешімдер, қаулылар, және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу. Активтер мен құны төмен құндылықтарды оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуын жүзеге асыру. Бөлім кадрларының сауалдары бойынша құжаттарды рәсімдеу және іс жүргізу.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы)
жұмыс өтілі талап етілмейді
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.