Ақкөл аудандық мәслихаттың
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С33-1 «2025-2027 жылдарға
арналған аудандық бюджет
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 781 420,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 673 002,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 138,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер –282 986,1 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 4 789 899,2 мың теңге;
2) шығындар – 6 645 201,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 13 828,1 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 23 592,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 9 763,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 122 391,0 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – - 122 391,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;