Ақкөл ауданы бюджетінің атқарылуы
2020 жылдың 9 айы үшін
Кірістер
Мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша 1114,6 млн.теңге 1583,3 млн. теңге түсті немесе 142,0%, жоспардан тыс 468,7 млн. теңге түсті.
Республикалық бюджетке жоспар бойынша 480,6 млн.теңге 605,9 млн. теңге немесе 126,1% түсті, жоспардан тыс 125,3 млн. теңге түсті.
Облыстық бюджетке жоспар бойынша 375,5 млн. теңге түсті 396,2 млн. теңге немесе 105,5%, жоспардан тыс түскені 20,7 млн.теңге.
Айыппұлсыз түсім 389,8 млн.теңге немесе 103,8%.
Меншікті кірістер жоспар бойынша 258,5 млн.теңге, 581,2 млн. теңге түсті, немесе 224,9 %, жоспардан тыс 322,7 млн. теңге түсті.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі жоспар бойынша 6302,9 млн. теңге 6302,1 млн. теңгеге немесе 100,0% орындалды. Игерілмегені 0,8 млн. теңге, оның ішінде:
0,5 млн. теңге РБ трансферттері (жоспар бойынша 1955,2 млн. теңге, игерілгені 1954,7 млн. теңге, ол 100,0% құрады) оның ішінде;
0,2 млн. теңге – мұғалімдерге төленетін қосымша ақылар бойынша үнем;
0,3 млн. теңге – Степной-4 м-не су құбыры желілерінің құрылысы, өндірістік жұмыстарды аяқтауға 5% ;
0,1 млн. теңге трансферттер ОБ (жоспар бойынша 1651,6 млн. теңге, игерілгені 1651,5 млн. теңге, ол 100,0% құрады) оның ішінде:
0,1 млн. теңге – мұғалімдерге төленетін қосымша ақылар бойынша үнем;
Несиелер (жоспар бойынша 11,9 млн. теңге, 11,9 млн. теңге игерілді, бұл 100,0% құрады.)
0,2 млн.теңге. Аудандық бюджет қаражаты (жоспар бойынша 2684,2 млн. теңге, игерілгені 2684,0 млн. теңге, ол 100,0% құрады) оның ішінде:
0,2 млн. теңге – кезеңге үнемдеу;
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы: А.К.Дәукенова