2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан, қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің есептік кездесулерінде Ақкөл ауданы тұрғындары көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

2025 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан, қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің есептік кездесулері барысында Ақкөл ауданы халқының айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 (Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 мамырдағы №А-5/102 қаулысы)

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

Қайнар-Жалғызқарағай аудандық маңызы бар жол учаскесінде су өткізу құбырларын орнату жұмыстарын жүргізу.

2025 жылғы

1 тамызға дейін

Қайнар-Жалғызқарағай аудандық маңызы бар автомобиль жолы учаскесінің 26-шақырымында бір су өткізу құбыры орнатылды, сондай-ақ Жалғызқарағай ауылында үш су өткізу құбыры орнатылды.

2.       

Қына ауылындағы балалар алаңын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу.

2025 жылғы

1 шілде дейін

Жұмыстар 1,8 млн.теңге сомасына «АСЯСтройИнвест» ЖК-мен жасалған шарт негізінде орындалды. Шарт аясында келесі ойын элементтері орнатылды: балалар классикалық әткеншегі, баланстық әткеншек, «ұя» әткеншегі, «Мотоцикл» ойын теңгерімі, карусель.

3.       

Қажетті жұмыстарды жүргізіп, Домбыралы ауылында «Beeline» ұялы байланыс операторының антенна-діңгек құрылысын орнатуды бақылауға алу.

2025 жылғы

1 қарашаға дейін

Домбыралы ауылында «Beeline» ұялы байланыс операторының антенна-діңгек құрылысын орнату аяқталды. Ұялы байланыс операторын қосу жұмыстары жүргізілуде.

4.       

Еңбек ауылындағы балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2025 жылғы

1 тамызға дейін

Жұмыстар «Energy» ЖШС-мен жасалған шарт негізінде 0,529 млн. теңге сомасына орындалды. Шарт аясында келесі жұмыс түрлері жүргізілді: қоршауды жөндеу, әткеншектегі шынжырлар мен орындықтарды ауыстыру, арқан баспалдақтарын ауыстыру, сондай-ақ ойын алаңының элементтерін бояу.

5.       

Новорыбинка ауылында балалар алаңын орнату жұмыстарын жүргізу.

2025жылғы

1 қазанға дейін

Жұмыстар «Нейфельд» ЖК-мен жасалған шарт негізінде 0,310 млн.теңге сомасына орындалды. Балалар ойын алаңының элементтерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, көше тренажерларын, орындықтарды, урналарды орнату, сондай-ақ жиектерді, жасанды көгалды, поребрик пен төсеніштерді төсеу жұмыстары жүргізілді.

6.       

Наумовка ауылында істен шыққан көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу.

2025 жылғы

1 тамызға дейін

Жұмыстар «Profit» ЖШС-мен жасалған шарт негізінде 0,730 млн. теңге сомасына орындалды. 30 шам ауыстырылды.

7.       

Урюпинка ауылында ағаштарды бұтақтап кесу жұмыстарын жүргізу.

2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Ағаштарды тәждеу бойынша жұмыстарды «Чайка Э.А.» ЖК 5,4 млн. теңге сомасына орындады. Жұмыс барысында Урюпинка ауылында 372 түп терек қырқылды.

 

 

Дата публикации
23 июля 2025