Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы №48/40 "№4 бірмандаттық сайлау округі бойынша Ақкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутатты сайлау жөніндегі №98 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлаймыз.
№98 учаскелік сайлау комиссиясы
Комиссия төрайымы – Кулькова Елена Владимировна; төрайымның орынбасары - Яковлев Евгений Валерьевич; комиссия хатшысы – Күлмағамбетова Гүлжиян Жақсылыққызы; комиссия мүшелері: Дәукенова Айягоз Серғазықызы, Дүйсембаева Роза Сейсембайқызы, Водолазова Татьяна Владимировна, Мұхамедина Бибігүл Назымбекқызы.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы Д. Жетпісова