Ақкөл аудандық сайлау
комиссиясының
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 48/40 қаулысына қосымша
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған
Ақкөл аудандық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (2-1т. 2-тт., 22-б.) |
|
|
|
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақкөл аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутатына кандидаттарды ұсыну және №4 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және де олардың құрылымдық бөлімдері ( филиалдары және өкілдіктері) Дауыс беру күніне алпыс күн қалғанда басталып, сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады (103-б.)
|
|
6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Дауыс беру күніне алпыс күн қалғанда басталып, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады (104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.)
|
|
12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)
|
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиялары Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет Ереже 23 т.
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Аудан әкімдігі, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 25 қазанда сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімдігі, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 5 қазан (26-1 б. 1-т.)
|
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 10 қазаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 қазанға дейін (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)
|
|
|
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 23-25 қазанға дейін (37-б. 3-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 26 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 26 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
|
|
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихат депутатының сайлау дауыс беру нәтижесі туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 26 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап және 12 сағаттан аспауға тиiс (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы №4 округтік сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
№4 округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
28. Аудандық мәслихат депутатының сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей 2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)
|
|
29. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау қорытындысы туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
|
30. Сайланған аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
|
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.