№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Ақкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутатты сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2-3 тармақшасына, 101 бабының
1 тармағының 4 тармақшасына, 3-1 тармағына және 6 тармағына сәйкес,
Ақкөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақкөл аудандық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына депутатты сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекті қоса алғанда, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған күні бойынша белгіленсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы және Ақкөл аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Ақкөл арайы» аудандық газетінде жариялансын.
Төрайым Д. Жетпісова
Хатшы А. Дәукенова
Ақкөл қаласы
27 тамыз 2025 жыл
№48/40