Ақкөл  ауданы әкімдігінің  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының  жобасы бойынша ақпарат

Ақкөл  ауданы әкімдігінің  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының  жобасы бойынша ақпарат

 

№

Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

 

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

Ақкөл ауданының әкімдігінің  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге

арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысы

2.

Әзірлеуші - мемлекеттік орган

«Ақкөл ауданының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» мемлекеттік мекемесі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы

№ 281 бұйрығына сәйкес (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде).

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мақсатында

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік - экономикалық, құқықтық және (немесе) өзгеде салдар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды

 

Дата публикации
13 августа 2025