Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Ақмола  облысы Ақкөл ауданы Азат ауылы және Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 13 шілдеде өткен Ақмола  облысы Ақкөл ауданы

Азат ауылы және Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2025 жылы 13 шілдеде Ақкөл ауданының Азат ауылының және Жалғызқарағай  ауылдық округінің әкімдерін сайлау екі сайлау округі бойынша өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл ауданының ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының сайлау нәтижелерін анықтады:

 

Азат сайлау округі

Азат ауылы әкімін сайлауы  бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 625 азамат енгізілді, олардың 403-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 9, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 28.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Қанапинов Т.Е. - 37;  Оспанова А.Ө. - 27; Ыдырысов С.Ж. - 302.

Азат ауылының әкімі болып Азат ауылында тұратын,  «Азат ауылдық әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» Партиясы» Ақкөл  аудандық филиалымен ұсынылған, 1966 жылы туған  Самат Жолдаспайұлы Ыдырысов сайланды.

 

Жалғызқарағай сайлау округі

Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 275 азамат енгізілді, оның 219-і дауыс берді Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 8, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген - 2.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Әйтімов Ж.Т. - 24; Хасенов Қ.Қ. - 168; Юстус Н.В. - 17.

Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі болып Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылында тұратын, «Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» Партиясы» Ақкөл  аудандық филиалымен ұсынылған,  1966 жылы туған  Қорықпай Құсатайұлы Хасенов сайланды.

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025