Аудандық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 22 қазандағы № 15/1 қаулысына қосымша
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған
Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының
кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
1. Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округін құру және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей
(14-б. 6) т., 22-б.)
2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей
2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей
(13-б. 4-т.)
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудан әкімі
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей
(23-б. 5-т.)
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей
2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей
(17-б. 2-т.)
5. Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды ұсыну
Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы
Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады
(103-б.)
6. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштерімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну
Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады
(103-б. 3,4-т, 5-т.)
7. Партиялық тізімдерге енгізілген аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін
(102-б.)
8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)
Партиялық тізім тіркелгенге дейін
(104-б. 2-т.)
9. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады
2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады
(104-б.)
10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хаттаманы облыстық сайлау комиссиясына ұсыну
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде
(104-б. 5-т.)
11. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей
(104-б. 6-т. 1-тт.)
12. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Саяси партия сенім білдірілген адамдардың тізімін ұсынғаннан кейін
(14-б , тт.8), 31-б.)
13. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
Мемлекеттік кіріс органдары
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде
(104-б. 2-т.)
14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Партиялық тізім тіркелгеннен кейін
(34-б. 6-т.)
15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда № 870 тіркелген) Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екі рет
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық
сайлау комиссиялары
Үгіт басталғанға дейін, 2020 жылғы 10 желтоқсанға
дейін
(28-б. 6-т.)
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
18. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде
(28-б. 4-т.)
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
Аудан әкімі
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін
(26-1 б. 1-т.)
20. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда
2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей
(26-б. 1-т.)
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей
2021 жылғы 3 қаңтарға дейін
(38-б. 1-т., 3-т.)
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлаудан кемінде бір күн бұрын
9 қаңтарға дейін
(37-б. 3-т.)
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда
Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,
жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де
(40-б. 1-т.)
25. Дауыс беруді өткізу
Учаскелік сайлау комиссиялары
Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін
(38-б. 1-т.)
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
Учаскелік сайлау комиссиялары
Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады
(18-б. 8) т., 43-б.)
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-т.)
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(108-б. 1-т.)
29. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(108-б. 3-т.)
30. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын аудандық мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткеннен кейін екі күннен кешіктірмей
2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей
(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)
31. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей
2021 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей
(111-б. 1-т.)
32. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей
2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей
(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)
33. Сайланған аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
34. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру
Саяси партиялар
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен
кешіктірмей
(34-б. 9-т.)
35. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде
(34-б. 4-т.)
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.