Ақкөл ауданы Азат ауылы және Жалғызқарағай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
2025 жылғы 22 маусымда сағат 18.00-де Ақмола облысы Ақкөл ауданы Азат ауылы мен Жалғызқарағай ауылдық округіне әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Азат ауылы бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
- Қанапинов Темірхан Еслямбекұлы, 1985 жылы туған, «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Оспанова Алмагүл Өрікқызы, 1989 жылғы туған, «Ақкөл аудандық әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің басшысы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Ыдырысов Самат Жолдаспайұлы, 1966 жылы туған, Азат ауылының әкімі, Ақкөл ауданы Азат ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жалғызқарағай ауылдық округы бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
- Әйтімов Жаңабай Тілектесұлы, 1993 жылы туған, «Ақкөл аудандық әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бойынша бас инспекторы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, ҚХП ұсынылған.
- Хасенов Қорықпай Құсатайұлы, 1963 жылы туған, Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Юстус Наталья Викторовна, 1971 жылы туған, «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы