Ақкөл ауданы Азат ауылының және Жалғызқарағай ауылдық округінің  әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Ақкөл ауданы Азат ауылының және Жалғызқарағай ауылдық округінің  әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері мен құрамы туралы ХАБАРЛАМА

 

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармағына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы  №22/2  « Ақкөл ауданының  ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы»  қаулысына сәйкес,  Азат ауылы және Жалғызқарағай ауылдық округінің  әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Ақкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

 

Ақкөл ауданы Азат ауылы және Жалғызқарағай ауылдық округінің

әкімдерін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Ақкөл ауданы Азат ауылының   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Азат сайлау   округі  Азат ауылының  шекарасында.

Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Жалғызқарағай сайлау   округі  Жалғызқарағай ауылдық округінің  шекарасында.

 

 

 

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақкөл қ., С.Нұрмағамбетов көшесі, 67, тел. 8(71638)5-50-72

Комиссия төрайымы – Жетпісова Динара Болатқызы, хатшы – Дәукенова Айжан Сабырқызы, комиссия мүшелері – Адежанова Рената Ғалықызы, Баймлер Кристина Юрьевна,  Балғожина Жұлдызай Меңдібайқызы, Теміртасова Ғайни Бейсенқызы.

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

                                                                                        

 

Дата публикации
04 июня 2025