Хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 11 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

                         Еңбек сайлау округі

                         Еңбек ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 625 азамат енгізілді, олардың 411-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 15.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Досмұхамбетов  А.Ж.  – 310; Уәйісов Б.А. - 29; Щетинина А.В. - 46.

Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы  Еңбек ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1985 жылы туған, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары, Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 мая 2025