«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.05.2025
Сұхбат: 02.06.2025
Анықтама телефоны: 87163821736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
Блок - А
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Ақкөл ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Аудан бойынша егілген тұқымның саны мен сапасы туралы қорытынды есеп жасау. Заңды және жеке тұлғалардың, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тұқым шаруашылығы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік стандарттарды және ҚР өзге де нормативтік құжаттарын сақтауын бақылау. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру. Субсидияланған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Субсидиялау құжаттарын дайындау, тұқым сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау. Тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша есептер жасау. Ауданның астықпен және қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру. Ауданда астықтың болуы және қозғалысы бойынша астық нарығына қатысушылардан ақпарат жинау. Нормативтік актілердің, өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындау. Асыл тұқымды малдарды есепке алу жөніндегі мемлекеттік тіркелімнің (жылдық), мал шаруашылығы бойынша (айлық, тоқсандық, жылдық) жиынтық ведомостары бойынша есептерді тапсыру. Жалпы өнім шығарылымының нақты көлем индексін болжау үшін бір айда мал шаруашылығы өнімін өндіру туралы ақпарат жинау. Іс қағаздарын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: агрономия, топырақтану және агрохимия, азық-түліктің технологиясы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылықтану және аң шаруашылығы, балық шаруашылығы және өнеркәсіп балық аулау, су қорлары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, орман ресурстары және орман шаруашылығы, мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау, ауыл шаруашылығыны электроқамсыздандыру, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, өсімдік қорғау және карантин, агроинженерия, топырақтану жəне агрохимия, жеміс – көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндіру технологиясы.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.