«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.05.2025 – 13.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.05.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

24.05.2025

Сұхбат: 28.05.2025

Анықтама телефоны: 21736

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

Блок - А

 

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, E-R-4 (№18-4), (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жөндеуге бақылауды, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорынның жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру саласында қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы объектілердің жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуын, шығарылуын және көмілуін және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жай-күйін бақылау. Жылу және энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жөндеу, күтіп ұстау және пайдалану бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру және оларды қабылдауға қатысу. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің техникалық және пайдалану жай-күйін тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, кәсіпорындарды, бюджеттік сала ұйымдарын жылыту маусымына дайындау жөніндегі комиссияның отырысына материалдар дайындау. Конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу. Сатып алынатын жұмыстарға, тауарларға, қызметтерге техникалық ерекшеліктер әзірлеу. Жұмыс, қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу. Ауданның жылумен және энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері саласындағы қызметтер нарығын қалыптастыруға қатысу. Жылыту маусымы және байланыс қызметтері бойынша ақпарат дайындау. Е-лицензиялау ақпараттық бағдарламасында ағаштарды кесуге рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету және Е-лицензиялау ақпараттық бағдарламасында күзгі-қысқы кезеңде энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға жұмысқа әзірлік паспортын беру. Ақпараттық бағдарламада жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерін бақылауды жүзеге асыру. Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты енгізілген бағдарламалық құралдар мен ақпараттық процестерді сүйемелдеу, зерттеу және пысықтау. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: халықаралық құқық, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құқықтану, құрылыс, гидрология, жылу энергетикасы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік қызметтері, гидрология, құқық, заңгер, автоматика мен өлшем құралына қызмет көрсету және жөндеуін  электрослесарі, жылутехникалық қондырғы және жылуды қамтитын жүйелер (барлық түрлер бойынша), табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану (салалар бойынша), жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша), электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, жолқозғалысын ұйымдастыру

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

      жұмыс өтілі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
02 мая 2025