Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкіміне тіркеу аяқталды. Барлығы 3 кандидат тіркелді:
1) Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы, 1985 жылы туған, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады.
2) Уәйісов Болат Амангелдіұлы, 1977 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру бөлімінің басшысы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады.
3) Щетинина Александра Викторовна, 1988 жылы туған, «Ақкөл аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы