Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Еңбек ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2025 жылғы 17 сәуірдегі хаттамасының негізінде, келесі азаматтардың:
- 1988 жылы туған, «Ақкөл аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Щетинина Александра Викторовна;
- 1977 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру бөлімінің басшысы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Уәйісов Болат Амангелдіұлын Еңбек ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы