Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.04.2025 – 17.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.04.2025.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
30.04.2025.
Сұхбат: 05.05.2025.
Анықтама телефоны: 21736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 теңге, «А» блогы
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақкөл ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы E-R-4 (Лауазым мәртебесі: бос)
Функционалдық міндеттері:
Құрылыс жобаларын қарау және бекіту. Тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлегенге дейін құжаттаманы дайындау және ресімдеу, жоспарланған объектіні жобалау үшін бастапқы мәліметтерді жинауды ұйымдастыру. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманы және құрылысты ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттармен реттелетін құрылысқа қажетті басқа да құжаттарды белгіленген тәртіппен беру. Құзырет шегінде бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектілерінің іске асырылуын қадағалау. Тапсырыс берушінің (әзірлеушінің) қызметін ұйымдастыру және функцияларын орындау қағидаларына сәйкес және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес аяқталған жұмыстарды қабылдау нысандарын келісу. Күнтізбелік жоспарға, жұмыс кестелеріне сәйкес құрылыстың жалпы жүргізілуін бақылау және объектінің құрылысы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау. Құрылысы аяқталған тұрғын үй-коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес объектілерді пайдалануға мемлекеттік қабылдау комиссияларына қатысу. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны «E-license.kz» электронды порталы арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органға жіберу, сондай-ақ хабарламаны қабылдау туралы талон жіберу. Мердігерлер үшін қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы немесе белгілі бір әрекеттер. Нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің, жарлықтардың және басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын дайындау. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясына, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жөніндегі, мемлекеттік қызмет өтілін айқындау жөніндегі комиссияларға қатысу. Тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға материалдарды дайындау және қатысу.
Білімі бойынша талап:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құрылыс, инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография. өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, стандарттау жəне сертификаттау (сала бойынша)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.