«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.03.2025-01.04.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.04.2025.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.04.2025.

Сұхбат: 14.04.2025.

Анықтама телефоны: 87163821736

E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 380391

Блок - А

 

          (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы (уақытша, 2027 жылғы 29 мамырды қоса алып, негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне), E-R-1

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылық ету. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және реттеу. Мемлекеттік мекемеде жұмыс уақыты мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қала мен елді мекендерді бүгінгі талап деңгейінен қанағаттандыратын, біртіндеп көркейту есебінен қала мен селолық елді мекендерді инфрақұрылымдары дамыған, көркейген кенттерге қайта түрлендіріп, барынша жақсартуға ықпал ету. Ауданның келешектегі және ағымдағы құрылыс жоспарларын әзірлеу. Ағымдағы құрылысты реттеу. Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы Заңының аудан аумағында сақталуын бақылау. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру. Жобаларды аудандағы тиісті жауапты қызмет бөлімдерімен (санитарлық эпидемиологиялық станса, өртке қарсы қызмет, эколог жәнә тағы басқа) келісу. Құрылыс жүргізуге, нысандарды қайта жаңартып салуға және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге материалдар дайындап, мемлекеттік сатып алуды өткізу. Нысандарды пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Қайта салынатын нысандарды жобалау үшін әзірленген деректер дайындау. Аудан әкімдігінің басқа бөлімдермен бірге әзірленген деректер дайындау жөнінде және селолық елді мекендерде жүргізілетін құрылыс жоспарларының апталық жоспарларының (сұлбасын) құру тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Кадрлармен жұмыс жүргізілуді бақылау. Аудандағы салынған құрылыстың сапасын, аудан аумағында пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылыс бөлшектерінің және қайта жаңартылып салынған құрылыстың сапасын бақылау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің дайындалуын бақылау. Бөлім қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және орындалуын бақылау. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің орындалуын бақылау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет, геодезия және картография, құрылыс, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, инженерлік жүйелер мен желілер, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша),  өндірістік және азаматтық құрылыс, ғимараттарды мен құрылыстарды салу және пайдалану.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
27 марта 2025