«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.03.2025 – 24.03.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.03.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.04.2025

Сұхбат: 07.04.2025

Анықтама телефоны: 87163821736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

Блок - B

 

          (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

Оқу-тәрбие процесстерінің ұйымдастырылуын мемлекеттік стандарт  талаптарына сәйкес ұстау жөнінде мерзімді бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысу. Ауданда спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аудан мектептері, кәсіпорындары, ұйымдары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, облыстық жарыстарға қатысу. Спорттық шеберлікті жетілдіру, ауылдағы спортты дамыту бойынша жұмыс жасау. Облыстық және ұлттық құрама командаларға кандидаттарды анықтау және дайындау. Спорт объектілерінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша аудан әкімінің қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін дайындау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орта мерзімді даму жоспарын қалыптастыру және жинақтау. Оқу-жаттығыу жиындарын, бұқаралық-спорттық шаралар өткізу. Аудан аумағында өткізілетін спорт түрлері бойынша өңірлік спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық кешенді іс-шараларға және басқа да жарыстарға қатысу үшін өңірлік құрама команда ұйымдастыруға және дайындық өткізуге қатысу. Деректерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, ҚКФ жылдық статистикалық есептерін дайындау және облыстық басқармаға тапсыру. Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі іс-шараларға дайындалу және қатысу, халықты тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту, халық арасында Президенттік тесттерді енгізу. Іс қағаз құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін орындау, тиісті жұрнал жүргізу. Жоғары органдарға есеп тапсыру. Бөлім басшысы анықтаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

 

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және спорт, алғашқы әскери дайындық), өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (кітапхана ісі) немесе бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару, спорт менеджменті) немесе қызметтер (мәдени-демалыс жұмысы)

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

          жұмыс өтілі талап етілмейді.

   

Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
27 марта 2025