2025 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде халықтың 2024 жылдың екінші жартыжылдығында айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

2025 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде халықтың 2024 жылдың екінші жартыжылдығында айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №А-12/245 қаулысы)

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

Ақкөл қаласындағы Құрылыс көшесінде балалар алаңын орнатуға ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2025 жылғы

1 наурызға дейін

Ақкөл қаласының әкімдігі сметалық құжаттама әзірледі. Ақмола облысының энергетика және ТКШ басқармасына Ақкөл қаласында 39,7 млн. теңге сомасында балалар-спорт кешенін орнатуға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінбеген. Жұмыстар жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін болады.

2.       

Ақкөл қаласындағы Құрылыс көшесінде көпфункционалды алаң орнатуға ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.

2025 жылғы

1 наурызға дейін

Ақкөл қаласының әкімдігі сметалық құжаттама әзірледі. Ақмола облысының энергетика және ТКШ басқармасына Ақкөл қаласында сауықтыру кешенін орнатуға 42,3 млн. теңге сомасында қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінбеген. Жұмыстар жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін болады.

3.       

Ақкөл қаласындағы Бектұров және Құрылыс көшелеріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2025жылғы

1 қыркүйекке дейін

Ақкөл қаласының әкімдігі Бектұров және Құрылыс көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірледі, жоба ведомстволық сараптамадан өтуге бағытталған.

 

4.       

Ақкөл қаласындағы Шегебай Ұзақбаев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2025 жылғы

1 шілдеге дейін

Ақкөл қаласының әкімдігі Шегебай Ұзақбаев көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзірлеп, бекітті. Аудандық бюджеттен 100 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, жеңімпазы - «Gruss» ЖШС.

 

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2025