«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025 - 19.03.2025.
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.03.2025.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 30.03.2025.
Сұхбат: 04.04.2025.
Анықтама телефоны: 87163821736
E-R-1 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, E-R-1 (Лауазым мәртебесі: бос)
Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және реттеу. Бөлім қызметкерлерінің ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтауы мен орындауын бақылау. Мемлекеттік мекемеде жұмыс уақыты мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Кадрлық жұмыстың жүргізілуін бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін дайындауды бақылау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көліктері мен автомобиль жолдары туралы заңнамалық нормалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Қалалық жолаушылар көліктерінің, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының желілерін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын, көпірлер мен өткел жолдарды, алаңдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және басқа да жасанды ғимараттардың қайта жаңартылып салынуын, жөнделуін бақылау, сондай-ақ жол құрылысына қатысты қайта жаңарту, орта және күрделі жөндеу жүргізуге байланысты қолданыстағы нысандардың жағдайына бақылау жасау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу есебінде тұрған адамдардың тізімін жүргізу. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының өңірлік бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеуге қатысу. Ауданды көркейту мен көгалдандыру жөнінде болашақтағы және ағымдағы жоспарларды әзірлеу. Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан қажеттілігі бойынша баспана алуларын қамтамасыз ету. Халықтың жолаушылар көліктеріне деген қажеттілігін қанағаттандыруды ұйымдастыру. Ауданның жол инфрақұрылымдары нысандарының құрылысын, қайта жаңартылуы мен жөнделуін ұйымдастыруды бақылау. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желілерін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жағдайына бақылау жасауды жүзеге асыру. Бөлімнің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу және аталған жоспарлардың мониторингін жүргізу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша комиссия отырыстарына қатысу және құжаттар дайындау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламаны іс жүзіне асыру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында республикалық және өңірлік бағдарламаларды бақылау және жүзеге асыру. Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік қатынасы мен автожолдар саясатына талдау жүргізумен байланысты кешенді жұмыстар жүргізуге басшылық жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге және жылу беру мерзімін өткізуге дайындық жүргізудегі іс-шаралардың орындалу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. Коммуналдық шаруашылықтың бюджеттік сала жылу көздеріндегі сұйық және қатты отын қорлары туралы мәліметтер жинау. Сумен қамтамасыз ету және ағын сулардан арылту жөніндегі жұмыспен айналысушы коммуналдық кәсіпорындардың қызметін үйлестіру. Жеке меншік сектордағы тұрғын үйлерді инженерлік желілерге қосу және дайындық жүргізу мәселелерін қарау. Жеке меншік сектор аумағындағы инженерлік желілер мен көшелерді жөндеуді жоспарға енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Жоғарғы органдарға берілетін құжаттар мен есептердің сапалы және дер уақытында орындалуына бақылау жасау. Кондоминиум нысанындағы жалпы мүліктің техникалық жағдайын тексеруді ұйымдастыру, кондоминиумдағы жалпы мүлікке күрделі жөндеу жұмыстарын жеке түрлері бойынша жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтау, күрделі жөндеуді жеке түрлері бойынша өткізуді тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум нысаны басқарамасы берген сметалық шығыстарды келісу. Кондоминиум насанындағы жалпы мүлікке жеке түрлері бойынша күрделі жөндеу жүргізілген жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссия жұмыстарына қатысу. Кондоминиум насанындағы және жеке меншік жайлар мен оған жақын аумақтағы жалпы мүлікті пайдалану тәртібінің сақталуын, қалыпты ұсталуын, пайдаланылуын және жөнделуін бақылау. Тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) жалпы пайдаланымдағы жылу-энергия көздері – газ және су ресурстарын пайдалануда есептеу құралдарының болуын бақылау. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың), кондоминиум насанына жақын жатқан аумақтардың сапалы ұсталуына, коммуналдық қызметтердің көрсетілуіне нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындауға қатысу, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдаланушы, бақылаудағы нысандардың иелеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға немесе азаматтарға кеңес беру көмегін көрсету. Бөлімнің негізгі қызметіне қатысты мәселелер бойынша, бөлімнің мүдделерін сотта қорғау, тұрғын үй жалдау шарттарын сақтамау туралы талап-арыздарды дайындау. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілдіктерін анықтайды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің орындалуын бақылау.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: жылу электр желілері, халықаралық құқық, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құқықтану, құрылыс, гидрология, жылу энергетикасы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік қызметтері, құқықтану, халықаралық құқық, көлік, көлік техника жəне технологиялары, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, құқықтану, халықаралық құқық, гидрология, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, гидрология, теплоэнергетика, транспорт, транспортная техника и технологии, строительство, гидрология, теплоэнергетика, транспорт, транспортная техника и технологии, архитектура, строительство, құқық, заңгер, заңгер, автоматика мен өлшем құралына қызмет көрсету және жөндеуін электрослесарі, - Жылутехникалық қондырғы және жылуды қамтитын жүйелер (барлық түрлер бойынша), құқық, заңгер, жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша), электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, жолқозғалысын ұйымдастыру
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.