«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025 - 20.03.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.03.2025

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

03.04.2025

Сұхбат: 04.04.2025

Анықтама телефоны: 87163821736

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық    жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты, бас маман-бухгалтері, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыру. Бюджет бойынша шығыстардың бекітілген сметалары бойынша лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау. Депозиттік шоттар бойынша операцияларды есепке алу. Жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен есеп айырысуды уақтылы жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер мен декларациялар ұсыну. Шығыстар сметаларын және оларға есеп айырысуларды жасау және басшымен келісу. Жоспарланатын Мемлекеттік сатып алудың жиынтық номенклатурасы мен көлемін нақтылау және жасау. Сақтау және пайдалану орындарында активтердің, төмен құнды және тез тозатын заттардың және басқа да төмен құнды құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттің IV деңгейін жүргізу бойынша жұмыс жасау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: экономика, басқару және құқық, (экономика, есеп және аудит, қаржы)

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 марта 2025