"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс

 

Ақмола облысы «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-38)2-17-36, электрондық мекен-жайы: akkol_sup@aqmola.gov.kz) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

  1. Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы (уақытша, 2027 жылғы 19 мамырды қоса алып, негізгі қызметкердің бал күтімі бойынша демалыс кезеңіне, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзімінің аяқталуына дейін шығу құқығы бар), «E-R-1» санаты («А» блогы, 7 грейд), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 354069 теңгеден 406714 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық ету. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және реттеу. Мемлекеттік мекемеде жұмыс уақыты мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қала мен елді мекендерді бүгінгі талап деңгейінен қанағаттандыратын, біртіндеп көркейту есебінен қала мен селолық елді мекендерді инфрақұрылымдары дамыған, көркейген кенттерге қайта түрлендіріп, барынша жақсартуға ықпал ету. Ауданның келешектегі және ағымдағы құрылыс жоспарларын әзірлеу. Ағымдағы құрылысты реттеу. Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы Заңының аудан аумағында сақталуын бақылау. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру. Жобаларды аудандағы тиісті жауапты қызмет бөлімдерімен (санитарлық эпидемиологиялық станса, өртке қарсы қызмет, эколог жәнә тағы басқа) келісу. Құрылыс жүргізуге, нысандарды қайта жаңартып салуға және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге материалдар дайындап, мемлекеттік сатып алуды өткізу. Нысандарды пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Қайта салынатын нысандарды жобалау үшін әзірленген деректер дайындау. Аудан әкімдігінің басқа бөлімдермен бірге әзірленген деректер дайындау жөнінде және селолық елді мекендерде жүргізілетін құрылыс жоспарларының апталық жоспарларының (сұлбасын) құру тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Кадрлармен жұмыс жүргізілуді бақылау. Аудандағы салынған құрылыстың сапасын, аудан аумағында пайдаланылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылыс бөлшектерінің және қайта жаңартылып салынған құрылыстың сапасын бақылау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің дайындалуын бақылау. Бөлім қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және орындалуын бақылау. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің орындалуын  бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, сәулет, құрылыс, Инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

          2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

          3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

          4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

          1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi - Өтiнiш);

          2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі     № 158 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24350 болып тiркелген, 2021 жылғы 17 қыркүйектегі "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға электрондық түрде "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурстық комиссияның отырысына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

          Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       «Б» корпусының мемлекеттік

                                                                                                            әкімшілік лауазымына

                                                                                                            орналасуға конкурс өткізу

                                                                                                            қағидаларының 2-қосымшасы

                                                                                                                                                                               

                                                                                                          Нысан

 

                                                                           _________________________________

                                                                                            (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

          Мені ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

          «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

          Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

          Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

          Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________ (иә/жоқ).

         

          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________

e-maіl: ______________________________________________________________

ЖСН: ______________________________________________________________

_______________                    ____________________________________

                (қолы)                                                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                       

«_____» _______________ 202 __ ж.

 

Дата публикации
06 марта 2025