2021 жылдың 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тізім бойынша сайланатын Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2), 8) тармақшаларына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тізім бойынша сайланатын Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақкөл аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.